Әлем футболы

Иньеста Қытайда шарап өндірумен айналыспақ

Иньеста Қытайда шарап өндірумен айналыспақ
news-banner7
mobile-news-top

«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста мансабын қытайлық «Тяньцзинь Цюаньцзянь» клубында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Marca басылымына сілтеме жасап.

Футболшы қытайлық клубпен үшжылдық келісімшартқа отырған. Иньеста бұл командада 37 миллион еуро пайда табады.

Бұдан бөлек испаниялық футболшы Қытайға көшкеннен кейін шарап өндіру кәсібімен айналысуды көздеп отыр. Иньеста Қытай нарығына жылына екі миллион бөтелке өткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта испаниялық ойыншының кәсібі жылына әр түрлі сорттағы ішімдіктің 700 мың бөтелке шығарады.

Ойыншының өзі «Барселонадағы» уақытының бітуге таяу қалғанын мәлім еткен еді.

Айта кетейік, Андрес Иньеста каталониялық клубта 2002 жылдан бері ойнап келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер