Талғат Байсуфинов: Құрамаға шет елден 5 футболшы шақырамыз

Талғат Байсуфинов: Құрамаға шет елден 5 футболшы шақырамыз
news-banner7
mobile-news-top

21 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов ҚФФ баспасөз қызметіне команданың алдағы оқу-жаттығу жиынындағы жоспарымен таныстырып, селекциялық жұмыстар жөнінде айтып берді.

– Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны ФИФА бекітке уақытта өтеді. Яғни, 2-10 маусым аралығы. Дайындық уақытына екі жолдастық матч жоспарланған. Бірінші ойын 4 маусым күні Әзірбайжан жастар құрамасына қарсы өтеді. Екінші кездесу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұл ойында қарсыласымыз Премьер-лиганың легионерлер құрамасы немесе сол уақытта Астанада жиын өткізетін қазақстандық команда болуы мүмкін.

Алдағы оқу-жаттығу жиынына шетелде ойнайтын бес футболшы шақырту алмақ. Төрт үміткер Беларусь елінің Бірінші лигасында ойнайды. Ал, бір футболшы Бельгияның Екінші дивизионы командасының намысын қорғайды.

Жастар құрамасының Қазақстандағы селекциялық жұмыстарының да тоқтамайтынын айтқым келеді. Премьер-лига, Бірінші және Екінші лига ойындарын жиі қараймыз. Кандидаттар бар. Олардың есімі кейін жарияланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер