ММА

Жұмағұлов Fight Night тұжырымының рейтингісінде көш бастады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global тұжырымының жаңартылған рейтингісінде көш бастады, деп хабарлайды Qsport.kz.

Fight Nights Global 86 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық спортшы Тайсон Нэмді (16-8-1) айқын басымдылықпен жеңген Жалғас Жұмағұлов тұжырымның жаңартылған рейтингісінде көш бастап, 1-ші орынға жайғасты. Енді ең жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыздың басты қарсыласы чемпион Тагир Уланбеков болуы керек. Ал Жалғастан жеңілген Тайсон Нэм жаңартылған рейтингте 3-ші орынға тұрақтаған.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 56 келі салмақтағы Еуропадағы ең үздік 5 спортшының қатарына кірген болатын. Сондай-ақ отандасымыз әлемдік рейтингте 25-ші орында тұр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер