Әлем футболы

Еркебұлан Сейдахмет жарақат алып қалды

Еркебұлан Сейдахмет жарақат алып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік «Уфа» командасының намысын қорғайтын Еркебұлан Сейдахмет жарақат алып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты bashinform.ru-ға сілтеме жасап.

18 жастағы қазақстандық футболшының жарақатының ауыр-жеңілдігі қазірше белгісіз. Бір анығы, ЦСКА командасымен өткен ойынға ол шақырту алған жоқ. Бірақ, 22 сәуір күні өтетін «Локомотивке» қарсы ойынға қатысуы мүмкін.

Естеріңізде болса, Еркебұлан «Уфа» сапында екі матчқа қатысты. Ресей Премьер лигасы аясында өткен «Анжи» және «Арсеналға» қарсы ойында жас шабуылшы жасыл алаңда өнер көрсеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер