Футзал

«Қайратқа» Қазақстан чемпионатының алтын медалі табысталды

«Қайратқа» Қазақстан чемпионатының алтын медалі табысталды
news-banner7
mobile-news-top

Жексенбі, 15 сәуір күні «Қайрат» футзал клубын 2017/2018 жылғы маусымының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Лев Ким команда капитаны Дінмұхамбет Сүлейменовқа чемпионат кубогын салтанатты түрде табыс етті. Ал ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамы алтын медальдармен марапатталды.

Өз кезегінде, «Қайрат» клубының баспасөз қызметі дәстүрлі түрде бірнеше номинациялар бойынша маусым үздіктерін марапаттады.

Үздік қақпашы: Игита

Үздік сұрмерген: Хоссейн Тайиби (37 гол)

Жыл жаңалығы: Тайнан (35 гол)

Маусым үздігі (MVP): Дуглас

Бұдан бөлек, Дінмұхамбет Сүлейменов «PROSPORT» гәзеті мен «Prosports.kz» сайтының нұсқасы бойынша 2017/2018 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік ойыншысы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер