Теннис

Александр Недовесов Қытайдағы турнирді сәтті бастады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов (242) Наньчан (Қытай) қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің екінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Алғашқы айналымда отандасымыз Оңтүстік Африка Республикасының теннисшісі Ллойд Харристі (240) жарыс жолынан шығарды. 1 сағат 3 минутқа созылған кездесу 6:4, 6:2 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.

Недовесов келесі кезеңде оңтүстік кореялық Юн-Сон Чонмен (520) кездеседі. Бұл матч ертең Астана уақытымен 09:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер