Футзал

Астанада «YELEU CUP» халықаралық турнирі өтеді

news-banner7
mobile-news-top

20-22 сәуір аралығында «Астана» спорт кешенінде Қазақстан футбол федерациясы, Астана футбол федерациясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетімен бірлесіп, жыл сайынғы футзалдан «YELEU CUP» он жетінші халықаралық турнирін өткізеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінде бұл жарыс – футзалдан Қазақстандағы ең беделді турнирлердің бірі. Оған 15 әуесқой және кәсіби командалар қатысады, олар – Рудный, Ақтау, Ақтөбе, Петропавл, Көкшетау, Орал, Алматы, Павлодар, Семей, Астана қалаларының чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ Ресей және Қырғызстанның жоғары лигада ойнайтын командалары да қатысады.

«YELEU CUP» турнирі – Қазақстандағы футзалдан Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің республикалық іс-шаралар күнтізбесіне кірген ресми турнир. Турнир UEFA «Fair Play» (Адал ойын) ұранымен өтеді және басты міндеті – футзалды және саламатты өмір салтын насихаттау.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер