Бокс

Головкин 5 мамырда жекпе-жекке шықпайды

Головкин 5 мамырда жекпе-жекке шықпайды
news-banner7
mobile-news-top

BoxingScene.com және FightClub.com.tr порталдарының түркиялық шолушысы Сихат Гемичи орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) айналасында болып жатқан жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz kaz.tengrinews.kz cайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Головкин 5 мамырда жекпе-жекке шықпайды. "Негізінде мен оның өзінен санаты төмен боксшымен жұдырықтасуына қарсымын. IBF өз ережелерін қатаң сақтайды. Олардың оған құқығы да бар, алайда GGG - нағыз чемпион. Олар Головкинге жеке-дара жағдай жасап беруі мүмкін. Менің ойымша, Головкиннің келесі жекпе-жегі тек қыркүйекте өтеді. Оның қарсыласы Билли Джо Сондерс немесе Сауль Альварес. Головкинге PPV сатылымдары қажет. Табысқа кенелу үшін тек осы екі боксшымен шаршы алаңға шығу арқылы жетуге болады. Орта салмақтағы басқа қарсыластар ондай аудитория жинай алмайды", - деді Гемичи.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер