Хоккей

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындығын пысықтап жатыр

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан хоккейшілері бірер күннен кейін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысады.

Осыған орай қазір жерлестеріміз қызу дайындықтарын пысықтап жатыр. Тіпті Италия құрамасымен жолдастық кездесу де өткізіп үлгерді. Сырт алаңда болған ойында Владимир Маркелов дубль авторы атанды. Ал Дмитрий Гренц пен Никита Михайлис соққан шайбалар қорытынды есепті 4:2-ге жетікізді.

Айта кету керек, бұл жолы ұлттық құрама сапына Найджел Доус, Дастин Бойд және Роман Савченко алынбады. Сәйкесінше алдағы әлем чемпионатында да олар ел намысын қорғай алмайды. Бірінші дивизионда «А» тобының жарысы 22-28 сәуір аралғында Будапешт қаласында өтеді. Ол жерде Қазақстан, Словения, Италия, Польша, Венгрия және Ұлыбритания құрамалары элиталы топқа жолдаманы сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер