ММА

Жалғас Жұмағұлов Еуропадағы ең үздік 5 спортшының қатарында

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов Еуропадағы ең үздік 5 спортшының қатарына кірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Fightmatrix.com сайтына сілтеме жасап.

Fight Nights Global 86 турнирінің басты жекпе-жегінде Тайсон Нэмді (16-8-1) айқын басымдылықпен жеңген Жалғас Жұмағұлов Еуропадағы ең мықты 5 спортшының қатарына қосылды. Жалғастың алдында АСВ тұжырымының чемпионы Асқар Асқаров, «Ахмат» спорт клубының спортшысы Юнус Евлоев (22-8) және Али Багаутинов (17-6) пен Магомед Бибулатов (14-1) сынды спортшылар тұр. Ал әлемдік рейтингте отандасымыз 25-орында тұр.

Айта кетейік, Fights Nights Global 86 додасы 1 сәуір күні, Алматы арена спорт кешенінде өткен болатын. Бұл доданың басты жекпе-жегінде Жалғас Жұмағұлов Найсон Нэмді қапыда қалдырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер