Баскетбол

Карпенко: «Астана» ВТБ лигасының плей-офф кезеңіне өтуге міндетті

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» баскетбол клубының бас бапкері Михаил Карпенко атап өткендей, команда міндетті түрде ВТБ бірыңғай лигасының плей-офф кезеңіне шығуы тиіс, өйткені бұл Қазақстанда баскетбол бар екенін дәлелдейді, деп жазады sputniknews.kz.

«Астана» жексенбі күні Қазан қаласында УНИКС-тен 90:75 есебімен ұтылып қалды. Қазір лигада 11-ші орында тұр, плей-офф кезеңіне өтуге толық мүмкіндігі бар.

- Әлбетте, командамыз қалай да ВТБ лигасының плей-офф кезеңіне өтуге міндетті. Астана үшін де, бүкіл Қазақстан үшін де елде баскетбол бар екенін дәлелдейтін жақсы көрсеткіш. Плей-оффқа өтуіміз Қазақстандағы баскетболдың дамуына жаңа қарқын береді. Мақсатымыз плей-офф кезеңіне өту, соған жетуге тырысамыз, - деп атап өтті Карпенко.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер