ММА

Еркін Дәрменов Berkut Young Eagles Grand Prix турнирінде жеңіске жетті

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Еркін Дәрменов Berkut Young Eagles турнирінде қарсыласын 30 секундта нокаутқа жіберді, деп хабарлайды Qsport.kz.

Еркін Шешенстанның Грозный қаласында өткен Berkut Young Eagles Grand Prix турнирінің 1/8 финалында жергілікті спортшыға қарсы жұдырықтасты. 70 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін отандасымыз Ахмед Магомадовты (2-2) 30 секундта нокаутқа жіберіп, келесі кезеңге жолдама алды. Енді Еркін 1/4 финалда Казим Туменовқа қарсы жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, Berkut Young Eagles Grand Prix турнирінде әр салмақта 16 спортшыдан қатысып жатыр. Бұл додада жеңіске жеткен спортшы АСВ тұжырымымен келісімшартқа отыруға мүмкіндік алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер