Баскетбол

Қазақстандық баскетболшылар жастар арасындағы Олимпиадаға қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Баскетболдан Қазақстан құрамасы (3х3) Буэнос-Айресте өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Аталмыш дүбірлі додада ел намысын алматылық «National» командасы қорғайды. Жалпы Олимпиада турниріне жиырмаға жуық мемлекет қатысады.

Қазақстан құрамасынан өзге Олимпиада ойындарында мына командалар өнер көрсетеді: Андорра, Аргентина, Бельгия, Бразилия, Венесуэла, Грузия, Иордания, Италия, Қырғызстан, Қытай, Латвия, Монғолия, Жаңа Зеландия, Ресей, Словения, АҚШ, Түрікменстен, Украина және Эстония.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер