русский язык
Бокс

Дархан даланы сағынған Кличколар…

Дархан даланы сағынған Кличколар…

Ағайынды Кличколарды танымайтын спорт жанкүйерлері кем де кем шығар. Күні кеше ғана атақты боксшылар өскен өлкесі – Жамбыл облысына ат басын бұрды.

 

Спортшылар жеке ұшағымен «Әулие-Ата» әуежайында қонды.

Естеріңізге сала кетсек, Бокстан Алматыда өткен әлем чемпионатына ағайынды Кличколар құрметті мейман ретінде келген. Келесі күні бағытын Таразға бұрған спортшыларды облыс әкімі Қанат Бозұмбаев күтіп алды. приезда.
Дәл осы кезде Таразда еркін күрестен халықаралық турнир өтіп жатқан. Әйгілі спортшылар жарысты тамашалап жиналған қауымды бір таң қалдырды.

 

Спорт сарайын тамашалаған соң боксшылар бұрынғы қонысы Луговое (қазірғы атауы Құлан) аулына аттанды. Мұнда ағайындылардың балалық шағын өткізген.

 

-          Луговоеде тұрғанда мен 11-де, Владимир 6 жаста болған, – деп бастады әңгімені Виталий. – Бірақ есімде бәрі жақсы сақталған. Бес қабатты үйде екі жыл өмір сүрдік. Кішкентай кезімізде маңайдағы балалармен жарысып мұнардың төбесіне шығатынбыз. Кім биік көтерілсе сол жеңетін. Одан бері талай заман өтіпті, 30 жыл шамасында. Әлгі мұнар да жабық шығар, – деп күрсіне еске алды жастық шағын.

 

Кезінде бұл пәтерде Кличколар отбасы тұрғанын қазіргі иелері білмегенде екен. Жақында ғана мекендеген қарапайым дәрігердің жанұясына ағайындылар естелік ретінде тоңазытқыш  сыйлады.

 

Атақты спорт шеберлеренің бейресми сапары Жамбыл обласының тұрғындарына үлкен қуаныш әкелді. «Ойпырым-ай, Виталий мен Владимир Кличконың жерлесі екенбіз ғой» деп марқайып қалған қарапайым жұрт спортшылардан қолтаңба алуға асықты. ..

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;