ММА

Замзагүл Файзолланова «Алаш Прайд» халықаралық Гран-при турнирінде жеңіске жетті

news-banner7
mobile-news-top

Замзагүл Файзолланова «Алаш Прайд» халықаралық Гран-при турнирінде қарсыласынан басым түсті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Бопай» атымен көпшілікке танылған Замзагүл Шымкент қаласында аралас жекпе-жектен өткен «Алаш Прайд» халықаралық Гран-при турнирінде сынға түсіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз ресейлік Злата Шефторға (5-4-0) қарсы жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Бұл «Бопайдың» сегізбұрыштағы 4 жеңісі болды.

Айта кетейік, Замзагүл Файзолланова сегізбұрышта 4 жекпе-жек өткізіп, 3 кездесуде жеңіске жеткен болатын. Ол соңғы кездесуін 30 желтоқсан күні Айда Жетибаеваға қарсы өткізіп, қолға ауырту әдісімен жеңіске жеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер