ММА

Алматыда бразилиялық джиу-джитсудан Азия чемпионаты өтті

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда Almaty Arena спорт кешенінде бразилиялық джиу-джитсудан ACB JJ Asian open championship GI Азия чемпионаты өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бұл халықаралық жарысқа еліміздің әр қаласынан және Бразилия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан сынды мемлекеттерден келген 300-ге жуық спортшы қатысып өзара мықтыны анықтады. Олар ACB JJ тұжырымынын ережесіне сәйкес күресіп, ақшалай жүлделерге таласқа түсті.

Бұл сайысқа 15-тен жоғары кез келген джитсерлер қатысуға мүмкіндік алды. Олар өз дәрежелері бойынша топқа бөлініп, көрермендерді қызықты кездесулермен қуантты.

-Бұл чемпионатқа Алматыдағы QTT залында өз тәртібім бойынша дайыдналдым. Қарсыластарым өзіме таныс әрі қиын болды. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Енді Абу-Дабидегі әлем чемпионатына дайындалып, жақсы нәтиже көрсетсем деймін, - деп Руслан Исраилов өз ойымен бөлісті.

Айта кету керек, барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтар және медалдармен марапатталды. 50 мың долларды құрайтын жүлде қоры, 18-жастан жоғары қатысушылар арасында белбеулік дәреже бойынша таратылды.

- Бұл біздің Қазақстандағы алғашқы турниріміз. Осынын алдында Польша, Бразилия, Ресей елдерінде ұйымдастырған болатынбыз. АСВ-дің алдында көптеген жарыстар тұр. Келесі жолы, егер Қазақстанда турнир ұйымдастырсақ қатысушылар саны одан да көп болатын шығар деп ойлаймын, - дейді ACB JJ вице-президенті Арби Мурадов.

Онын айтуынша, осы чемпионаттын нәтижесі бойынша қара және қоңыр белбеуде бірінші орын алғандар алдағы уақытта Мәскеудегі әлем чемпионатына қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер