Бокс

Барри Макгиган: Альваресті өмір бойына бокстан шеттету керек

Барри Макгиган: Альваресті өмір бойына бокстан шеттету керек
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай жеңіл салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Барри Макгиган мексикалық Сауль Альварестің допинг дауына қатысты пікірін білдірді.

«Альварестің қанынан кленбутерол табылды. Допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткен кез келген боксшы өмір бойына жазалануы керек. Бұл велоспорт немесе атлетика емес. Бокста өзіңнің физикалық күшіңді тым қатты қылып жіберсең, арты жаман болуы мүмкін. Біреулер экстра-күшінің арқасында қарсыласын өлтіріп алуы да ғажап емес», - деді Макгиган.

Естеріңізде болса, ақпанда Альварестің қанынан допинг табылған болатын. Канелоның командасы тыйым салынған дәрі мексикалықтың қанына бұзылған етпен бірге еніп кетті деп ақталған. Кейін Альварес 5 мамырға жоспарланан Геннадий Головкинмен жекпе-жектен бас тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер