русский язык

Бағлан Жақаншы - әлем чемпионы!

Бағлан Жақаншы - әлем чемпионы!

Иран астанасы Тегеранда әскерилер арасында әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді. 

Аға жаттықтырушы Еркін Телақынов тізгінін ұстаған командамыз бір алтын, қос күміс және қос қола медаль еншіледі. Нәтижесінде қазақ балуандары 54 ұпаймен жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады. Бірінші орында Иран (64 ұпай) болса, үздіктер үштігін Украина (47 ұпай) түйіндеді.

Қоржынға жалғыз алтынды салған 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бағлан Жақаншы болды. Өз жеңіс жолында ол бразилиялық Р.Рибейро Диегоны (5:0, 4:1), украиналық Евгений Мягкийді (2:6, 5:0) және ақтық белдесуде кілем қожайыны Саман Абдуалиді (7:0) жеңді. Осылайша еліміздің жас балуаны әскерилер арасында әлем чемпионы атанды.

Күміс жүлдені Дәулет Жақсылықов (74 кг) пен Дамир Күзембаев (120 кг) қанжығаларына байлады. Дәулет пәкістандық Хан Надир (7:0) және Украина өкілі Евгений Пышковтан (3:0, 3:0) басым түссе, финалда ирандық Саид Абдуалиден (0:8) айласын асыра алмады. Күзембаев сириялық Алькрад Радж (8:0) бен қытайлық Бик Мулатиды (7:0) жеңіп, алтын үшін таласта жергілікті балуан Башир Бабаджанзадеге (0:7) жол берді. 

Қорлан Жақаншы (55 кг) мен Демеу Жадыраев (66 кг) дүниежүзілік доданың қола жүлдегері атанды. Қорлан алғашқы белдесуде украиналық Сергей Дзюбаны ұтқанымен (9:3), Солтүстік Корея спортшысы Чоли Юн Воннан (5:7) айласын асыра алмады. Бірақ Қорлан қола жүлде үшін күресте қарап қалмады. Ол қытай Джеангфенг Жангты (1:0, 3:3) және пәкістандық Хусаина Ажарды (7:0) жеңді. Жадыраев Польша балуаны Давид Каречинскийді (0:2, 5:0) ұтты, бірақ ирандық Б.Аслангардахиге (0:3, 0:4) жол берді. Үшінші орын үшін таласта Демеу украиналық Микола Савченко (1:0, 1:0) және Солтүстік Корея өкілі Вон Ри Хактан басым түсті (1:3, 2:0).

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;