Бокс

О`Салливан: GGG-дің командасы қауіпсіздеу қарсылас іздеп жатыр

О`Салливан: GGG-дің командасы қауіпсіздеу қарсылас іздеп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Ирландиялық боксшы Гари О`Салливан қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуден неге бас тартқанын айтты.

«Бұл жекпе-жек PPV ақылы жүйесі арқылы НВО-да көрсетілуі керек еді. Бірақ уақыт өтуде, ал Головкиннің командасы қауіпсіздеу қарсылас іздеді. Олар жекпе-жекті Калифорнияға ауыстырғанға дейін мен Головкинмен жұдырықтасуға дайын болдым. Себебі бұл кездесудің НВО арнасында қарапайым жүйе бойынша өтетінін білдіретін еді. Мұндай тәуекелдің керегі жоқ. Басында жекпе-жекке келісімімді берген едім, алайда олар жауапты ұзаққа созды. Ал келіскен кезінде қаржыны екі есеге қысқартып тастады. Егер жақсы сыйақы берсе, Головкинмен жұдырықтасуға дайынмын», - деді О`Cалливан.

Айта кетейік, Головкин 5 мамырда кіммен жұдырықтасатыны әлі белгісіз. Негізгі кандидат – америкалық боксшы Ванес Мартиросян.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер