ММА

Алматыда ACB JJ 12 турнирі өтті

Алматыда ACB JJ 12 турнирі өтті
news-banner7
mobile-news-top

Джиу-джитсудан әлем чемпиондары ACB атақтарын Алматыда өткен жарыста қорғап қалды.

Almaty Arena спорт кешенінде өткен бразилиялық джиу-джитсудан ACB JJ 12 халықаралық жарысында өз атақтарын белгілі бразилиялық спортшылар Филипп Пэн, Паоло және Джао Мийяо қорғап қалды.

- Осы жерде, осы тұжырымда өнер көрсеткен мен үшін үлкен мәртебе. Жеңісіме дән ризамын, алдағы уақытта да жеңістер болады деп сенемін. Өзімнің достарыма, жақындарыма қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін, - деді жеңістен соң Филипп Пэн.

Турнирде әлемнің үздік 34 спортшысы өзара мықтыны анықтады. Спорт сүйер қауым керемет жеңістердің куәгерлері болды. Олардың арасында жеңіске Кенан Корнелиус, Луан Карвальо, Лукас Барбоса, Патрик Гаудио, Арналдо Майдана, Рудсон Мэтью, Ерберт Санто, Исак Багиенс, Ким Терра, Николас Велкер, Радриго Капорал, Виктор Гонорио, Родней Джуниор және Габриель Лукас жетті. Барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлық және арнайы мүсіншемен марапатталды.

- Біз осы жарысты джиу-джитсуды елімізде дамыту мақсатында АСВ-мен бірлесіп ұйымдастырайық деп шештік. Әр елден келген үздік спортшылар қаламызға келіп, осы спорт түрлерінің жанкүйерлерін қуантуда. Сонымен қатар, біз спортшылар арасында ашық Азия чемпионатын өткіземіз. Олардың қатарында жеңіске жеткен қоңыр және қара белбеу иегерлері арасындағы жеңімпаздар Мәскеудегі әлем чемпионатына барады, - деп өз ойымен Қазақстандық бразилиялық джиу-джитсу және грепплинг федерациясының президенті Төлеген Құмаров бөлісті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер