Бокс

«Канелоға» ота жасалды

«Канелоға» ота жасалды
news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық боксшы Сауль Альварес өзінің туған қаласы Гвадалахарадағы жекеменшік емханада емделіп жатыр.

Бүгін, яғни 14-ші сәуірде Альварестің тізесіне атроскопия жасалды. Бұл операцияны жасау кезінде аяқ екі жерін тілініп, сол арқылы кішкентай камера жіберіледі және соның көмегімен дәрігер айтарлықтай аз ғана болған зақымның өзін анықтай алады және емдейді. Бұл процедура тегіршік пен сіңірдің зақымдануы кезінде жасалады.

Келесі аптада Альварестің ісі бойынша тыңдау өтеді. Ол екі рет допинг-тесттен өтпей қалған болатын. Ол тыйым салынған заттардың ет арқылы түскенін айтты. Алайда наурызда Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) оны уақытша шеттетті. Альварес болса 3 сәуірде Головкинмен жұдырықтасудан ресми түрде бас тартты.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер