Күрес

ACB JJ 12 турнирінің қатысушылары көз түйістірді

news-banner7
mobile-news-top

Garden park Inn қонақ үйінде джиу-джитсудан ACB JJ 12 турнирі қатысушыларының салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Әдетеггідей байрақты бәсеке алдында салтанатты салмақ өлшеу рәсімінде турнир қатысушылары қарсыластарымен кездесіп, көз түйістірді. Қазақстан мен өзге елдерден келген спортшылар Алматыда бас қосып, жекпе-жек алдындағы әсерлері мен дайындығы туралы бөлісті. Оңтүстік астанаға алғаш келген қонақтар қазақстандықтардың қонақжайлылығын да атап өтті.

- Мен ACB сынды ауқымды промоушенде, әлем жұлдыздарымен өнер көрсетемін. Алғаш рет Қазақстанда, Алматыда бәстесу мен үшін үлкен мәртебе. Ертең, жанкүйерлерімді жеңіспен қуантамын деген ойдамын. Біз Мәскеуден келдік, «Adaev Team» командасы. Қарсыласыммен бүгінгі кездесу керемет өтті, ол өте мықты. Біз Радриго Капоралмен 75 келі салмақта бәстесеміз. Жалпы, ACB кештері әрдайым жоғары деңгейде өтеді, ертең де солай болатынына күмәнім жоқ, - бөлісті турнир қатысушысы Даут Адаев.

Еске сала кетсек, сәуірдің 14-і күні Almaty Arena спорт кешенінде ACB JJ 12 турнирінің жалауы желбірейді. Жанкүйерлерді Адам Вардзински, Филипп Пэн және Мийяо ағайындарының қатысуымен қызықты да тартысты жекпе-жектер күтуде. Адам 95 кг салмақ дәрежесінде Лиганың чемпионы атағы үшін күреседі. Сонымен қатар, Эдвин Наджми мен Луана Карвальо сынды басқа да атақты спортшылардың белдесулері джиу-джитсу жанкүйерлерін бейжай қалдырмас.

- Ертең барлығымызды керемет жекпе-жектер күтуде. Ертеңді асыға күтудеміз, дайындық жақсы өтті. Әрине, жарыс алдынды қобалжу бар, бірақ онымен бірге белдесуден алатын керемет әсерді айтып жеткізе алмаспын. Мен өз ісімді жақсы көремін, барлығы жоғары деңгейде өтеді деген ойдамын, - деп атап өтті жарыс қатысушысы Эдвин Наджми.

АСВ JJ лигасының бірден-бір ерекшелігі – ересектер арасында сарапқа салынатын ақшалай сыйлықтар. Жарыстың басты ұйымдастырушылары АСВ JJ мен Қазақстандық джиу-джитсу және грепплинг федерациясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер