Ауыр атлетика

Токио Олимпиадасына елімізден екі ауыр атлет ғана баруы мүмкін

Токио Олимпиадасына елімізден екі ауыр атлет ғана баруы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығы (IWF) допинг дауына байланысты жаңа ережелер қабылдауда, деп жазады massaget.kz сайты.

Соның бір салқыны қазақстандық ауыр атлеттерге де тиіп тұр. Күні кеше Reuters басылымы IWF ережелеріне қатысты жаңа деректер жариялады. Онда 2008 жылдан 2018 жылға дейін антидопинг ережесін ең көп бұзған елдерге қатысты шешім жайлы айтылған.

Осы аралықта спортшылары допингпен ұсталған құрамалар қатарын Ресей, Қазақстан, Армения, Әзірбайжан мен Беларусь елінің спортшылары бастап тұр. Басылым ақпараты бойынша жоғарыда аталған 5 мемлекет Токио Олимпиадасына 2 спортшыдан ғана қатыстыра алады. Яғни, бір ер және бір әйел спортшы.

Ал 2020 жылдың сәуір айына дейін бұл ел спортшылары тағы бір допингпен ұсталса, Олимпиада ойындарынан шеттетіледі.

2008 жылдан бері оннан астам, жиырмаға жуық рет антидопинг ережесін бұзған құрамалардан Токио Олимпиадасына 4 спортшы (екі – ер, екі – әйел) қатыса алады. Бұл санатқа 10 елдің тізімі енген. Арасында Болгария, Иран мен Үндістан құрамалары бар.

Ал ереже бұзу көрсеткіші 10-ға жетпеген құрамалар 8 спортшыдан (ерлер мен әйелдер теңдей) алып барады.

Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығының (IWF) жаңа ережелері мен талаптарын Халықаралық Олимпиада Комитеті (IOC) мен көптеген елдердің федерациялары қолдауда.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер