русский язык
Бокс

Ағайынды Кличколар Тараз маңындағы балалық шақтарын өткізген ауылға барды

Ағайынды Кличколар Тараз маңындағы балалық шақтарын өткізген ауылға барды

Танымал Украина боксшылары Владимир мен Виталий Кличколар өздерінің балалық шақтары өткен Тараз маңындағы Луговое ауылында болды.

Алдымен боксшылар Тараз қаласына ұшып келгеннен кейін, облыс әкімі Қанат Бозымбаевпен, туризм және спорт басқармасының жергілікті шенеуніктермен кездесті. Сонымен бірге ағайынды Кличколар жақында ашылған Спорт сарайында болды. Кейін олар бұрындары Луговое деп аталған Құлан ауылына барды.

Олардың балалық шақтары осы ауылда өткен.

Еске сала кетсек, ағайынды Кличколар 26 қазан күні Алматыда өткен бокстан әлем чемпионатының финалдық кездесуіне құрметті қонақтар ретінде қатысқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;