Қысқы

Қазақстандық акробатшылар жастар арасындағы Олмипиадаға жолдама алды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық спортшылар Дмитрий Немеренко мен Анастасия Архипова Буэнос-Айресте өтетін жастар арасындағы Олимпиада ойындарына лицензия алды, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Бельгияның Антверпен қаласында өткен Әлем чемпионатында отандастарымыз жасөспірімдер арасындағы аралас жұпта өнер көрсетті. Бұл топта қазақстандық жұп Никита Амоскин мен Анастасия Долганюк жеңіске жетті. Басқа отандастарымыз Немеренко мен Архипова жарыс қорытындысы бойынша сегізінші орын алды. Алғашқы жұбымыздың жас болуына байланысты жастар Олимпиадасында ел намысын Немеренко мен Долганюк қорғайтын болды.

Жастар арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама алған спортшылардың толық тізімін мына сілтімеден көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер