русский язык
Волейбол

Волейболдан Қазақстан кубогының ақтық кезеңі басталды

Волейболдан Қазақстан кубогының ақтық кезеңі басталды

Бүгін Қарағанды мен Хромтау қалаларында волейболдан әйелдер мен ерлер командалары арасында ХХІ Қазақстан кубогының ақтық ойындары өтуде.

Кеше жартылай финалда Қарағандыда әйелдер арасында Павлодардың «Ертіс-Қазхромын» 2:3 есебімен ұтқан «Алматы» командасы бүгін Талдықорғанның «Жетісуымен» күш сынасуда. Қазақстан чемпионатының жеңімпазы және ел кубогының иегері ретінде жарысты бірден жартылай финалдан бастаған талдықорғандықтар алаң иелерін 3:1 есебімен ұтқан болатын.

Ал Хромтаудағы ерлер арасындағы додада «Алматы» командасы павлодарлықтарды 3:0 есебімен ұтты. Олардың ақтық сындағы қарсыласы саналатын хромтаулықтардың «ТНН Қазхромы» да оралдықтардың «Конденсат-Жайықмұнайынан» - 0:3 есебімен басым түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;