Бокс

«Бокс үшін сұмдық жағдай» - Головкин алдағы жекпе-жегі жайында

«Бокс үшін сұмдық жағдай» - Головкин алдағы жекпе-жегі жайында
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты оқиғалар жайында ойын айтты.

"Күнде барынша жаттығамын. Жұдырықтасқым келеді. Томға күнде айтатыным: "Өтінемін, мен жай ғана жұдырықтасқым келеді. Маған жекпе-жек керек. Бокс үшін сұмдық жағдай", - деп келтіреді Головкиннің сөзін ESPN.

Еске салайық, допингпен ұсталған мексикалық Сауль "Канело" Альварестің жұдырықтасудан ресми түрде бас тартқанына қарамастан, Головкин 5 мамарыда жекпе-жек өткізбек еді. Алайда ол күнге қарсылас әлі табылған жоқ. Жекпе-жек кейінге қалдырылуы мүмкін екені жайында ақпарат тараған да болатын. Қазақстандық боксшыға қазір ирландиялық Гэри О’Салливан жақсы қарсылас болып тұр, алайда, бүгін оның да жекпе-жектен бас тартқаны хабарланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер