Футзал

Какау: Болашақта «Ақтөбе» ұсыныс жасаса, елге ораламын

Какау: Болашақта «Ақтөбе» ұсыныс жасаса, елге ораламын
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» АФК мен Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау ел чемпионы атанғаннан кейін Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында қазақ елімен қимай қоштасатынын айтып, жақсы ұсыныс түссе қайта оралуға уәде берді.

– Кезекті рет ел чемпионы атануыңызбен құттықтаймын. Финал қалай өтті?

– Өте қиын. «Ақтөбе» - мықты қарсылас. Әрине, «Ақтөбе» жартылай финалдағы «Жетісумен» матчтардан соң шаршаңқырап қалды. Бұл клубтың жанкүйерлері мықты, залы да әдемі. Қазақстанда алғаш рет плэй-офф өтіп жатыр. Мұндай формат біздің футзал үшін қызығырақ деп ойлаймын. «Қайрат» үшін бұл маусым жақсы өтті. Көп ойыншыны алмастырдық. Командадан Диваней, Нуньес, Кабреува кетті. Олардың орнына Даниель, Тайнан келді. Бір жағынан клуб бюджетін үнемдедік және жақсырақ ойнадық. Меніңше, Тайнан – осы маусымның үздік ойыншысы. Ол чемпионатты жақсы өткізді және үздік сұрмерген атанды. «Қайраттың» жанкүйерлерін құттықтаймын. Мен Қазақстанды өте қатты жақсы көремін. Маған өте қиын болды, себебі бұл менің осындағы соңғы ойыным.

– Енді алдағы жоспарыңыз қандай? Қай клубқа баратыныңызды әлі шешпедіңіз бе?

– Шынымды айтсам, қазір менде бес ұсыныс бар. Оның ішінде ең негізгісі – Испаниядан. Бірақ қазір күтіп жүрмін. Себебі дәл қазір келісімшартқа отырғым келмейді. Қазір жұмысым бар, сондықтан асығып жүрген жоқпын. Командаға жаңа бас бапкер Кака келді. Соған толық тапсырғым келеді.

Биылғы маусым Қазақстан чемпионаты үшін сәтті өтті. Ал Қазақстан құрамасы Еуропада үздік төрттікке кіреді. Ал әлем бойынша үздік сегіз құрама қатарындамыз. Ал енді УЕФА Кубогына Қазақстанның екі командасы – «Қайрат» пен «Ақтөбе» қатысады. Демек, Қазақстан футзалын құттықтауымыз керек.

Бірақ чемпионат үшін алты команда аз. Әлі де көбейту керек. Мини-футбол нәтиже көрсетіп жүр, сондықтан оны демеу қажет. Қарағандыдағы клубты («Тұлпар» - Авт.) қайта ашу керек. Семей мен Атырау бар. Футзалы дамыған басқа да қалалар бар. Тек біздің футзалға көмектесу қажет. Сол кезде одан сайын өсе түседі.

– Егер болашақта Қазақстанның басқа клубтарынан ұсыныс түссе, келісер ме едіңіз? Мысалы, бүгінгі қарсыласыңыз «Ақтөбеден»?

– Әрине. Маған Қазақстан қатты ұнайды. Әрқашан айтып жүремін: менің әйелім де Қазақстанды қатты жақсы көреді. Ұсыныс түссе, әрине, сөйлесеміз.

– Рақмет, Какау. Сізге сәттілік тілеймін!

– Рақмет!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер