русский язык
Хоккей

«Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «ТХК»-дан басым түсті

«Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «ТХК»-дан басым түсті

Жоғары хоккей лигасының кезекті ойындары аясында Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «ТХК» (Ресей, Тверь) командасын жеңді.

Ойынның бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде «Сарыарқаның» хоккейшілері қарсыластар қақпасына екі бірдей шайбаны соғып, алға шықты. Ал үшінші кезеңнің басында есеп айырмасы 3:0-ге дейін жетті. Осыдан кейін Қарағанды қаласының хоккей клубы қорғанысқа көшті. Дегенмен, «ТХК»-ның шабуылдарына төтеп бере алмады. Ойынның аяқталуына төрт минуттай қалғанда таразы басы теңесті. Үш минуттың ішінде «Сарыарқа» тағы да алға шықты. Бірақ соңғы секундтарда қарсыластар бір шайбаны соғып үлгерді. Есеп - 4:4. Овертаймда «Сарыарқаның» хоккейшілері табандылық таныта білді. Дмитрий Громов өз командасын жеңіске жетеледі. Қорытынды есеп - 5:4. Қарағанды қаласының хоккей клубы тағы екі ұпайға ие болып, жалпытурнирлік кестеде 14-ші орынға көтерілді.

Ал Өскемен қаласында өткен «Қазцинк-Торпедо» және «Молот-Прикамье» арасындағы ойынның нәтижесі овертаймнан асып, булитке дейін жетті. Онда Пермь хоккей клубының жолы болды. Қорытынды есеп - 1:2 (Б). Соған қарамастан, «Қазцинк-Торпедо» Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде екінші орнын сақтап қалды. Оның еншісінде 36 ұпай бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;