Деспотович: «Лос-Анджелес Гэлаксимен» келісімшартқа отырған едім

Деспотович: «Лос-Анджелес Гэлаксимен» келісімшартқа отырған едім
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» шабуылшысы Джордже Деспотович сербиялық Mondo-ға берген сұқбатында америкалық «Лос-Анджелес Гэлаксиге» неге ауыспай қалғанын айтты.

«Гэлаксимен» бәрін келісіп қойған едік. Келісімшартқа қол қойдым, олардың ойыншысы атандым. Кейін мен америкалық визаны күтіп жүргенде, Златан Ибрагимович «Манчестер Юнайтедпен» қоштасып, жағдай түбегейлі өзгеріп кетті. «Астанадан» ауысуым туралы келісімшартқа қол қоймағандарын пайдаланып, америкалықтар Златанды таңдады», - дейді Деспотович.

Енді сербиялық шабуылшы «Лос-Анджелес Гэлаксиді» сотқа бермек.

Естеріңізге сала кетсек, Деспотович жақында «Астана» сапына оралып, дубль құрамында матч өткізген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер