Бокс

Сондерс: Мені Головкин ғана қызықтырады

news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерс WBC/WBA/IBF титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келеді.

Бірақ ол бұл жекпе-жегін 23 маусымнан кейін өткізуді қалайды. Себебі сол күні ол Мартин Мюрреймен жұдырықтасады.

«Мені басқа ешкім қызықтырмайды – тек Головкинді ғана қалаймын. Ол титулдарды біріктіргісі келетінін айтып жүр. Мен де соны қалаймын. Мен дайынмын», - деді британиялық боксшы.

Бұған дейін Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен Головкиннің командасымен күзде жекпе-жек өткізу үшін келіссөз жүргізіп жатқанын айтқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер