Бокс

Головкин әлі де 5 мамырда жұдырықтасқысы келеді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 5 мамырда рингке шығуды қалайды. Алайда әлі қарсылас табылған жоқ.

«Жекпе-жекті ұйымдастыру қанша жерден қиын іс болса да, Геннадий Головкин әлі де 5 мамырда жұдырықтасқысы келеді. Сондай-ақ, IBF-мен жағдайға қатысты шешім табу үшін келіссөз жүргізіп жатыр», - деп жазды Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайр.

Айта кетейік, бұған дейін Головкиннің қарсыласы америкалық Ванес Мартиросян болуы мүмкін екені хабарланған. Алайда IBF бұл жекпе-жекті қабылдаған жоқ. Ұйым IBF бойынша міндетті үміткер Сергей Деревянченко Головкиннің қарсыласы болғанын қалайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер