русский язык

31-ші турға шолу. Чемпион әлі де белгісіз

31-ші турға шолу. Чемпион әлі де белгісіз

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 31-і турында «Қайрат» пен «Астана» басты қарсыластарын жеңді. Турнирлік кестедегі жағдай күрделене түсті. Чемпион әлі де белгісіз...

«Астана»-«Ақтөбе» - 1:0 (1:0)

Гол: Твумаси 15

Йоан Андоне жаттықтыратын «Астана» командасы соңғы турда «Ақтөбені» сүріндірді. Ойындағы жалғыз гол шабуылшы Патрик Твумасидің атында. Чемпиондықтың иісін сезген елордалықтар соңғы турда «Шахтермен» кездеседі. Ал «Ақтөбе» сырт алаңда «Ордабасымен» күш сынасады. Сондықтан чемпион команда әлі де болса белгісіз.

«Шахтер»-«Қайрат» - 1:2 (1:1)

Голдар: Зенькович 25 (пенальти) – Кнежевич 19, 72

Футболдан ел біріншілігінің 31-ші турында «Шахтердан» басым түскен алматылық «Қайрат» турнирлік кестеде үшінші орынға көтерілді.
Қарағандыда өрбіген матч 2:1 есебімен аяқталды. Владимир Вайсс шәкірттері есепті 21-і минутта ашты. Гол авторы - Йосип Кнежевич. Арада 4 минут өткенде алаң иелері таразы басын теңестірді. Игорь Зенькович пенальтиден гол соққан. Екінші таймның 72-і минутында дубль жасаған Кнежевич командасына жеңіс сыйлады.

 «Ордабасы»-«Ертіс» - 3:1 (2:1)

Голдар: Юнузович 7, 89, Белич 9 – Бақаев 25

31-ші турдың өзге матчында «Ордабасы» «Ертісті» қабылдаған. Шымкенттіктер Эдин Юнузович пен Данило Беличтің арқасында 10 минут аралықта екі гол соғып алда келе жатты. Матч соңына таман Юнузович екінші голын соқты. Ал «Ертіс» сапында Ұлықбек Бақаев қана жалғыз голмен көзге түсті.

«Атырау»-«Тараз» - 1:0 (1:0)

Гол: Голич 19

Арно Пайперстің арқасында тәуір ойнай бастаған «Тараз» сырт алаңда «Атыраумен» кездесті. Қос ұжым текетіресінде алаң иелері басым түсті. 1:0-мен аяқталған матчта Йован Голич қана көзге түсті.

«Жетісу»-«Восток» - 0:0 (0:0)

Жақында ғана бас бапкер Владимир Фомичевпен қош айтысқан өскемендіктердің ойынында өзгеріс байқалмайды. Соңғы турда «Жетісумен» жолыққан «Восток» жеңіске жете алмады. Матч тең аяқталды – 0:0. Ең қызығы, қос команда арасынан кім жеңіске жетсе, сол келер жылы премьер-лигада қалушы еді.

«Тобол»-«Акжайык» - 2:0 (0:0)

Голы: Жумаскалиев 56, 92

Оралдық «Акжайык» келер жылы бірінші лигада өнер көрсететінге ұқсайды. Соңғы турда Любомир Петровичтің шәкірттері «Тоболдан» «таяқ жеді». «Тобыл» капитаны Нурбол Жұмасқалиев атына екі гол жазып жанкүйерлерге жеңіс сыйлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;