ММА

Қарағандыда грепплингтен өткен ел чемпионатының чемпиондары анықталды

news-banner7
mobile-news-top

«Жастар» спорт кешенінде грепплингттен балалар, жасөспірімдер, жастар, ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Чемпионатта еліміздің түкпір-түкпірінен келген жалпы 313 спортшы бәстесті, олардың 176 ересектер арасында өнер көрсетті. 10 жастан жоғары барлық қалаушылар халықаралық Федерация белгілеген ережеге сәйкес, жас әрі салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың басты мақсаты грепплинг спортын дамыту, осы спорт түрінен ұлттық құрама командасын құру үшін мықты спортшыларды анықтау және Азия мен Әлем біріншіліктеріне іріктеу болып табылады.

- Қазіргі таңда, елімізде грепплинг қарқынды дамып келеді. Жалпы, осы спорт түрімен балалар, ерлер мен әйелдер шұғылданады, олардың қызығушылығы да жыл санап артып келеді. Бұл әрине, қуантарлық жайт. Қарағандыда өткен жарысқа еліміздің 16 аймағының спортшылары қатысты. Турнир жоғары деңгейде өтті, - деп бөлісті чемпионат ұйымдастырушысы Нұржан Шайхин.

Жарыс нәтижелері бойынша 28 келі салмақта ең жас қатысушылар арасында қарағандылық Абдулла Хаджиевең мықты атанды, ал екінші орынды осы қаланың спортшысы Максим Курсеков иеленсе, үздік үштікті алматылық Бекарыс Қанатұлы мен қостанайлық Богдан Кравец қорытындылады. Ерлер арасында 100 келі салмақ дәрежесінде Астана спортшысы Олжас Абзалиев алтынды жеңсе, күмісті Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Рамазан Құсаинов олжалады. Ал қола жүлдесін қарағандылық спортшылар Максим Самцов пен Руслан Ахметов қанағат тұтты. Айта кетсек, ерлермен қатар, әйелдер де бақ сынасты, 60 келіде Атыраудан келген Ақбөбек Ерғалиева чемпион атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер