Қазақ күресі

Жүлде қоры 20 млн теңгені құрайтын «Халық барысы» спорттық жобасы өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Елімізде «Халық барысы» атты спорттық жаңа жоба бастау алды. Бұл – Халықаралық қазақ күресі федерациясы, «Қазақстан барысы» қоры мен Алматы қаласы əкімдігінің бірлескен жобасы.

Алғашқы республикалық турнир мамырдың 7-8 күндері Алматыдағы халықаралық шаңғы трамплині кешенінің аренасында өтеді. Жарыс ресми түрде тіркелген белдесу ұлттық жекпе-жек түрі бойынша ұйымдастырылады. Бұл күрес өзіндік ерекшелікке ие. Балуандар боз кілемге кеудесі ашық, шалбар киіп, беліне белдік тағып шығады. Ереже бойынша күресуші екі балуанның бірі жерге құлап немесе тізесі яки қолы болмаса денесінің өзге жері кілемге тисе, ол жеңілген болып саналады

. Алғашқы турнирге республиканың түкпір-түкпірінен 1000-нан аса балуан қатысады деп күтілуде. Жарыстың жүлде қоры – 20 миллион теңге.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер