ММА

Асылжан Бақытжанұлының АСВ 86 турниріндегі қарсыласы белгілі болды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асылжан «САҚ» Бақытжанұлы кезекті жекпе-жегін кімге қарсы өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды prosports.kz сайты Qsport.kz-ге сілтеме жасап.

АСВ тұжырымымен үш жекпе-жекке келісімшартқа отырған отандасымыз екінші жекпе-жегін АСВ 86 турнирінде өткізеді. Асылжан бұл додада дағыстандық Муслим Магомедовпен (2-0) жұдырықтасады. 5 мамыр Мәскеу қаласындағы «Олимпиийский» спорт кешенінде өтетін жарыста отандасымыз рейтингте үздік үштікте тұрған спортшылармен кездесу керек болған. Алайда ол спортшылардың барлығы Асылжанмен кездесуден бас тартты.

Айта кетейік, Асылжан Бақытжанұлы АСВ тұжырымындағы соңғы кездесуінде үздік бестікте тұрған Муслим Махмудовты техникалық нокаутпен жеңіп, чемпиондық атаққа бірден-бір үміткер екенін дәлелдеген болатын. Сондай-ақ бұл кеште Арман «Сұңқар» Оспанов Акоп Степанянға қарсы жекпе-жек өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер