TasBet01
Әлем футболы

«Бавария» мен «Барселона» жеңіске жетеді

«Бавария» мен «Барселона» жеңіске жетеді
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасының жартылай финалына кімдердің шығатыны ширек финалдың алғашқы ойынынан соң ақ белгілі болған. Тіпті жартылай финалға «Бавария» мен «Барселона» еш қиындықсыз шығатына жеребеден соң ақ анық еді десек асыра айтқандық емес.

Германия біріншілігінде соңғы алты жылда қарсылас шыдатпай жүрген «Бавария» командасына «Севилья» тосқауыл болады дегенге сену қиын еді. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының арасы жер мен көктей. Испандық команда жеребен соң жанкүйерлерін жерге қаратпай «Баварияға» қарсы екі ойында да ірі есеппен жеңіліп қалуды ойлаған болар. Алғашқы ойында бірінші болып есепте алға шыққан испандық ұжым тіпті тең есептің өзін ұстап қала алмай 2:1 есебімен жеңілген.

«Бавария» клубының бас бапкері Юпп Хайнкес команда ойыншылары Артур Видаль мен Давид Алаба Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Севильямен» болатын қарымта кездесуге қатыса алмайтындығын жеткізді. Дей тұрғанмен аталған ойыншылар команданың ойынын анықтайтын футболшылар дей алмаймыз.

«Бавария» клубында Алаба мен Видальсыз да ойын тағдырын шешетін ойыншылар жеткілікті. Сондықтан оларға бүгінгі ойында 3-4 доп басымдығымен жеңіске жетуге ешкім кедергі бола қоймауы тиіс.

Болжам: «Бавария» -2.5 форамен жеңіске жетеді. 2.42 коэфицент.

Ширек финалға шыққан командалар арасындағы ең осылы «Рома» болды десек римдік команда жанкүйерлері өкпелей қоймас. Биылғы маусымда Римдік команда «Барселона» клубын айтпағанның өзінде Италия біріншілігінде ортаңқол командаларға жеңіліп жүр.

Ал каталондық клубтың деңгейі басқа. Бүгінгі болатын қарымта кездесуде де испандық ұжым ойыншылары тоқсан минут тек жүрмейтіні анық. Римдік команда қорғанысында да қателіктер жеткілікті.

Болжам: «Барселона» клубының жеке тотолы 2.5-тен көп. 2.65 коэфицент

«Ливерпуль» мен «Манчестер Сити» теке-тіресінде Клопп шәкіртеріне сенген санаулы адамдардың бірі біз болатынбыз.

Жалпы Чемпиондар лигасы өзге турнирлерден ерекше екендігі белгілі. Аталған турнирде өзін суда жүзген балықтай сезінетін аздаған команда бар. Солардың бірі «Ливерпуль».

Дәл «Реал» сияқты «Ливерпуль» командасы да Чемпиондар лигасына келгенде түлеп сала береді. Оған Мане, Фирмино және Салах үштігінің керемет формада жүргендігін қосыңыз. Алғашқы ойында қақпаларына бірде-бір тура соққы жібертпеген Ван Дейк бастаған қорғаушылар бүгінгі ойында да білгенінен жаңылмауы тиіс.

Болжам: Қонақтардың жеке тотолы 1,5-тен көп. 3.42 коэфицент

Үш болжамның қортындысы 22,18 коэфицент.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер