Басқа

Олимпиада чемпионы Еркін Ізбасарды қорғау үшін Ақтөбеге келді

Олимпиада чемпионы Еркін Ізбасарды қорғау үшін Ақтөбеге келді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Ақтөбеде өтіп жатқан төрт ағайынды сотына Еркін Ізбасарды қорғау үшін Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко арнайы келген деп хабарлайды prosports.kz сайты NUR.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ол сот залында тұрып, атышулы Еркін Ізбасардың қазақстандық спортшылардың әлемдік деңгейге шығуына жағдай жасаған меценат азамат екенін айтты.

- Еркін Ізбасарды кеңес үкіметінен бері танимын. Мен ол кезде грек-рим күресінен кеңес үкіметінің құрама командасындамын. Сол кезде менімен бірге Ақтөбе облысы Шалқар ауданынан Есенгелді Батыргарин деген жігіт болды. Онымен бірге жарыстарға барып жүрдік. Есенгелді арқылы Еркінмен таныстым. Еркін құрама команданың жаттығуына жиі келіп, біздің ойындарды қарап жүрді. Спортты бағалайтын жанкүйер ретінде таныдым, - деді аты аңызға айналған әлем чемпионы Юрий Мельниченко.

Сот залына келіп, айыпталушыға қолдау білдірген тұңғыш Олимпиада чемпионы Еркін Ізбасардың қазақ күресіне қолдау білдірген меценат екенін айтты.

- Он жыл бұрынғы Азия ойындарына Еркін жанкүйер ретінде келіп жүрді. Спортшыларға қолдау білдіріп, кеңестерін айтатын. Мен бұл жерде Еркін Ізбасарды да Аухат Қалиевті де жақсы жақтарынан танимын деп айта аламын. Олармен таныс болғалы тек азаматтықтарын ғана көрдім. Қиын кездері спортшыларға қаржылық қолдау көрсете білді және ол бір реттік емес. Тұрақты түрде спорттың дамуына үлес қосып, спортшыларға демеушілік танытты. Әлемдік еркін күреске қазақстандық спортшылардың шығуына мүмкіндік жасады. 2015 жылдан бастап ақтөбелік спортшылар жақсы нәтиже көрсете бастауына да бұл кісінің үлесі бар, - деді Мельниченко.

ÐÑкÑн ÐзбаÑаÑ. ФоÑо: kp.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер