ММА

Букмекерлік кеңселер Конор көлікке тағы да шабуылдайды дегенге 17 кэф ұсынуда

news-banner7
mobile-news-top

Ирландиялық файтер Конор Макгрегор мен Артем Лобов бастаған топ Бруклинде UFC 223 турнирінің қатысушылары отырған автобусқа шабуыл жасаған еді. Нәтижесінде, Артем Лобов турнирден шеттетіліп, Конордың өзі Нью-Йорк полициясының қолына түскен болатын, деп жазады prosports.kz сайты.

Осы келеңсіз оқиға әлем жанкүйерлерінің назарын өзіне аударғаны сөзсіз. Осындай ерекше сәттерді өз пайдаларына жаратудан шаршамайтын букмекерлік кеңселер тағы бір қызықты бәс қабылдауды бастап кетті.

Анықтап айтар болсақ, ирландиялық Paddy Power букмекерлік орталығы Конордың тағы да көлікке шабуылдау мүмкіндігіне бәс қабылдауда. Егер тентек ММА шебері Бруклинде тағы бір мәрте автобусқа шабуыл жасайтын болса, бұл бәс 17 коэффициентті құрайтын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер