Бокс

Шетелдік БАҚ: Головкиннің қарсыласы мексикалық ноунейм болуы мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Boxingscene.com ақпаратына сүйенсек, Геннадий Головкиннің 5 мамырдағы қарсыласы аты шыға қоймаған, мексикалық Хайме Мунгия болып қалуы әбден мүмкін.

Головкиннің командасы қарсылас ретінде Мунгияны көргісі келген. Алайда Невада штатының атлеттік комиссиясы Мунгияның кандидатурасынан бас тартты, себебі оны мұндай үлкен жекпе-жек үшін білікті боксшы деп санамайды екен.

Алайда кеше жекпе-жек Лас-Вегаста емес, Карсон қаласында өтуі мүмкін деп хабарланған болатын. Демек, мұндай жағдайда бұл жекпе-жекке қатысты істі Калифорнияның атлеттік комиссиясы қарастырады. Бұл комиссия Мунгиямен жұдырықтасуға келісімін беруі ықтимал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер