русский язык

«Ертіс» футбол клубын енді әйел адам басқарады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық футбол тарихында алғаш рет әйел адам клуб басшысы болып тағайындалды. «Ертіс» футбол клубы бас директорының міндетін атқарушы болып Насима Хаева тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Клубтың бұрынғы бас директоры Жанайдар Дүйсембаев болған.

Насима Хаева – еліміздің бес дүркін чемпионы болған клубты басқаруға тағайындалған бірінші әйел. Ал қазақстандық футбол тарихында клуб басшысы болып тағайындалған екінші жағдай: бұған дейін «Ақтөбе» клубын бірнеше жыл қатарынан Шарипа Бихамбетова басқарған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;