Бокс

Головкиннің командасы 21 жастағы боксшыға 750 мың доллар ұсынған

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Геннадий Головкин 5 мамырдағы жекпе-жегінде мексикалық 21 жасар Хайме Мунгиамен жұдырықтасқысы келген.

Los Angeles Times ақпаратына сүйенсек, GGG-дің командасы Мунгиамен жекпе-жек өткізбек болған. Алайда бұл кандидатураны Невада штатының атлеттік комиссиясы қабылдамаған.

«Головкин мексикалық Хайме Мунгиамен жұдырықтасқысы келген, алайда Невада комиссиясы оны қабылдаған жоқ. Комиссияның пікірінше, ол мұндай жекпе-жек үшін әлі білікті емес. Кей ақпаратқа сүйенсек, Мунгиаға НВО телеарнасында PPV көрсетілімде жекпе-жек өткізу үшін 750 000 доллар ұсынылған», - деп жазды Los Angeles Times.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер