Бокс

Лу Дибелла: GGG Деревянченкомен кездескісі келсе, жарты сағатта келісімге келеміз

news-banner7
mobile-news-top

Украиналық боксшы Сергей Деревянченконың промоутері Лу Дибелла 5 мамырда өзінің клиенті мен қазақстандық Геннадий Головкин арасында жекпе-жек өткізуді қалап отыр.

Айта кетейік, Деревянченко Головкинге тиесілі IBF чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер саналады.

«Қазір бұл ақылға қонымды жекпе-жек. IBF талаптарына сай Головкин 5 мамырда Деревянченкомен жұдырықтасуы керек. Егер Сергеймен рингте кездескісі келсе, біз жарты сағатта келісімге келеміз», - деді Дибелла.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер