Бокс

Абель Санчес: Головкин енді Канелоны күтпейді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өз шәкіртінің 5 мамырдағы жекпе-жегі жайлы ойын айтты.

«Әрине, Геннадий қапалы, бірақ ол басқаларды бақылай алмайды. Енді ол «Канелоны» күтпейді. Біз жұмысты, 5 мамырға дайындықты жалғастыра береміз. Ештеңені өзгертпейміз – жанкүйерлер оның жекпе-жегін көргісі келеді. Геннадий – кәсіби адам, ол кез келген қарсыласқа қолынан не келетінін көрсете алады», - деді Санчес.

Естеріңізге салсақ, Головкиннің 5 мамырдағы қарсыласы Сауль Альварес болуы керек еді. Алайда ақпанда мексикалық боксшының қанынан допинг табылған болатын. Кейін ол жекпе-жектен бас тартты. Енді Головкин жаңа қарсылас іздеп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер