Күрес

Ерлан Тілеумбетов джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды

Ерлан Тілеумбетов джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Ерлан Тілеумбетов Бішкек қаласында Комбат джиу-джитсудан өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен дүбірлі додада Азиядағы ең үздік спортшылар сайысқа түсіп, өзара мықтыны анықтады. 85 келі салмақ дәржесінде сынға түскен отандасымыз қарсыластарын қоғадай жапырып, ақтық айқаста қырғызстандық спортшыны тізе бүктірді.

Айта кетейік, Ерлан Тілеумбетов Комбат джиу-джитсудан 3 дүркін Азия чемпионы. Ол сегізбұрышта 4 жекпе-жек өткізіп, 3 рет қарсыластарын нокаутпен ұтқан.

Түпнұсқасы: Qsport.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер