Теннис

Қазақстан құрамасы үшін Дэвис Кубогы аяқталды

Қазақстан құрамасы үшін Дэвис Кубогы аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Дэвис Кубогының ширек финалында Хорватия мен Қазақстан құрамасы кездесіп жатқандығы белгілі.

Бүгінге дейін Хорватия құрамасы 2:1 есебімен алда тұрған.

Қазақстан құрамасы жарысты жалғастыру үшін Марин Чиличқа қарсы кордқа шыққан Михаил Кукушкин қалай да жеңіске жету керек еді. Алайда әлемнің 98-ракеткесы хорватқа қарсы еш қарсылық көрсете алмай жеңіліс тапты. Кездесудегі есеп 6:1, 6:1, 6:1.

Бұл ойыннан кейін жалпы есеп 3:1-ге жетіп жартылай финалға шыққан құрама белгілі болды.

Марин Чилич пен Михаил Кукушкин арасындағы кездесу тура екі сағатқа созылды.

Қос құрама арасындағы соңғы ойында Борн Чорич пен Дмитрий Попко кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер