русский язык
Хоккей

«Барыстың» бүгінгі қарсыласы Магнитогордың «Металлургы»

«Барыстың» бүгінгі қарсыласы Магнитогордың «Металлургы»

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Металлург» (Ресей, Магнитогорск) командасын қабылдайды.

Жалпы, осы уақытқа дейін екі команда 17 рет кездесті. 11 ойында «Металлургтың» мерейі үстем болса, «Барыс» 6 мәрте жеңіске жеткен. Дегенмен, биылғы чемпионатта Астана қаласының хоккей клубы жоғары көрсеткіштерге жетіп, Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде бірнеше рет көш бастады. Қазірдің өзінде ол тек «Ақ Барс» (Қазан) командасына жол беріп, екінші орынды сақтап келеді. «Барыстың» еншісінде 46 ұпай бар. Ал оның бүгінгі қарсыласы - «Металлург» 35 ұпаймен 7-ші орында орналасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;