Теннис

Хорватияның спорт жанкүйерлері Қазақстанның мәдениетімен танысты

news-banner7
mobile-news-top

Қазіргі уақытта Қазақстанның теннисшілері Хорватияның Вараждин қаласында алаң иелерімен Дэвис кубогының жартылай финалдық жолдамасын сарапқа салып жатыр

. Әлемдік топтағы командалардың сайысы өтіп жатқан «Вараждин-Аренада» хорваттар еліміздің спорттық деңгейі ғана емес, мәдениетімен де жақын танысты. Қазақстанның Хорватиядағы елшілігі жарыс ғимаратының дәлізінде арнайы көрме ұйымдастырып, еуропалықтарға еліміздің туристік әлеуетін көрсетті. Теннисті тамашалауға келген көпшілік Қазақстанның ұлттық рәміздері мен табиғатына қызығушылық танытты.

Айдар Аққазынов, ҚР Хорватиядағы елшілігінің консулы:

- Осы көрме шеңберінде Қазақстан елшілігі хорват азаматтарына Қазақстан Республикасына 30 күнге дейін келу мүмкіндігі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар осы көрме шеңберінде Қазақстанның мәдениеті туралы, туристік әлеуеті туралы ақпарат беруге тырыстық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер