ММА

Арман Әшімов пен Александр Доскальчук арасындағы жекпе-жектің мерзімі анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық жекпе-жек майталманы Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов пен украиналық Александр Доскальчук арасындағы жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы M-1 Global-дың ресми сайтына сілтеме жасап.

M-1 Global тұжырымының уақытша чемпион атағын жеңіп алған отандасымыз келесі жекпе-жегін Доскальчукпен толыққанды чемпиондық атақты сарапқа салатын болады. Әшімов пен Доскальчук 12 мамыр күні Қытайдың Шеньчжень қаласында өтетін M-1 Challenge 91 турнирінде жұдырықтасады. Қос спортшы ең жеңіл салмақтағы нағыз чемпионның кім екенін анықтайтын болады.

Айта кетейік, Арман Әшімов M-1 Global тұжырымының белбеуін иеленген алғашқы қазақ. Отандасымыз әлемнің ең үздік тұжырымдарының қатарына кіретін ұйымда 3 жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен аяқтаған болатын. Ал украиналық Доскальчук сегізбұрышта 9 жекпе-жек өткізіп, тек 1 рет қана жеңілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер