ММА

Макгрегордың автобусты қиратуы: UFC толық видеоны жариялады

Макгрегордың автобусты қиратуы: UFC толық видеоны жариялады
news-banner7
mobile-news-top

UFC-дің YouTube желісіндегі арнасында Конор Макгрегордың автобусқа жасаған шабуылының толық видеосы жарияланды. Аралас жекпе-жектің шебері ресейлік Хабиб Нұрмағамедовты далаға шығарып, екі команданың арасындағы жанжалды шешкісі келді.

Бейнебаянда Макгрегордың автобусты ұрғылап жүргенін көруге болады. Ештеңе шықпағаннан кейін ол жақын тұрған арбаны лақтырып, автобустың терезесін сындырады. Соның салдарынан Майкл Киеса деген спортшы жарақат алды. Макгрегор онымен қоймай, темір қоршауды да лақтыруға тырысады. Бірақ жанында жүрген адамдардың біреуі оны ұстап қалады.

Полиция келеді дегенде Макгрегордың командасы қашып кетеді. Сол кезде автобустан Хабиб Нұрмағамедов шығады. «Бұл жерге неге келдің? Жай жұрттың көзіне көріну үшін бе? Бір хабарлама жібер де, нақты кездесетін жерді белгіле! Болды» - дейді Х.Нұрмағамедов.

Оқиға орнына UFC басшысы Дэйна Уайт та келді.

Айта кетейік, осы оқиғадан кейін Макгрегорды қамауға алды. Бірақ ол 50 мың долларды кепілдікке төлеп, бостандыққа шықты. Екі спортшының арасындағы жанжал Хабиб Нұрмағамедовтың ресейлік Артем Лобовты шапалақпен ұрғаннан кейін басталды. Ол спортшы Макгрегордың командасына кіреді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер